Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Шымкентте екі колледждің құрылтайшысы, оның құдағиы, екі бухгалтер және кадр бөлімінің басшысына қатысты сот үкімі шықты. Тергеу барысында олар 7 жылға жуық уақыт ішінде 1,3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте екі колледждің құрылтайшысы, оның құдағиы, екі бухгалтер және кадр бөлімінің басшысына қатысты сот үкімі шықты. Тергеу барысында олар 7 жылға жуық уақыт ішінде 1,3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қаралды. Негізгі айыпталушыға аса ірі мөлшердегі алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айып тағылды.
Қалған сотталушылар алаяқтыққа көмектескені үшін айыпталды.
Сот нені анықтады?2018 жылғы тамыздан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін Оңтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжінің құрылтайшысы өзіне құдағи болып келетін директор, сондай-ақ үш бухгалтер мен кадр бөлімінің басшысымен бірлесіп, бюджет қаражатын жымқырған.
"Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі іс жүзінде білім беру қызметін жүзеге асырмаған, ал Оңтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде ақылы бөлімде оқитын студенттер жалған бұйрықтар негізінде заңсыз түрде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындар ретінде есепке алынған", – деп хабарлады сот.
Қылмыстық ниетті жүзеге асыру мақсатында жалған құжаттар рәсімделіп, орындалған жұмыс актілеріне қол қойылған және Ұлттық білім беру деректер базасына көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 1 351 527 344 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.
Схемаға қатысушыларға қандай үкім шығарылды?Барлық сотталушы кінәлі деп танылды.
Колледждердің құрылтайшысы мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеп шыққаннан кейін 10 жыл бойы жалпы білім беру ұйымдарында басшылық қызметтерді атқара алмайды. Оның әрекеттерінен қылмыстың қайталануы (рецидив) анықталды.
Оның құдағиы әрі колледждердің бірінің директоры 6,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтегеннен кейін 8 жыл бойы жалпы білім беру ұйымдарында басшылық қызмет атқаруына тыйым салынды.
Бухгалтерлердің бірі 4 жыл, екіншісі 6 жыл бас бостандығынан айырылды. Олар 5 жыл бойы бухгалтерлік есеп саласында жұмыс істей алмайды.
Кадр бөлімінің басшысы 6,5 жылын бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді. Сондай-ақ ол 5 жыл мерзімге жалпы білім беру ұйымдарында басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Астанада елордалық жоғары оқу орындары бірінің қызметкері сотталған болатын. Ер адам қылмыстық схема ұйымдастырып, 18 талапкерді алдаған. Толығырақ материалдан оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу