Цифрландыру үдерісін жоғары бағалады

16.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кездесу барысында Қазақ­стан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы цифрландыру, жасанды интеллект, GovTech және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселесі қаралды. Жиында еліміздегі «Дерек­терді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру мәселесіне назар аударылды. Талқылауға Президент кеңесшісі – Стратегиялық жос­парлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ұлттық экономика, Қаржы вице-министрлері қатысты.

«Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конс­титуция технологиялық инновациялар мен жеделдетіл­ген цифрлық трансформация арқылы экономиканы нығай­туға мүмкіндік ашты. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатты айқындады. Бұл жыл Цифрландыру жылы деп жария­ланып, экономиканың барлық саласына ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуге басымдық беріліп отыр. 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Қазақстанның цифрлық трансформация бағдар­ламасын ілгерілетуге Дүние­жүзілік банктің қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Біз жоспарлаған барлық бастаманың уақтылы жүзеге асырылуына үлкен мән береміз», деді Үкімет басшысы.

Еліміз Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексінің (GTMI) «А» тобына кіреді әрі әлемде 6-орында тұр. Бүгінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп инклюзивті экономикаға жеделдетілген цифрландыру, ЖИ саласында адам капиталын дамытуға қатысты бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Дүниежүзілік банктің цифр­лық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Ким елімізде цифрландыру деңгейі жоғары екенін атап өтті. Маңызды жобалардың қатарында Деректерді өңдеу орта­лықтарын дамыту, Каспий арқы­лы суасты талшықты-опти­ка­лық кабелін салу, ауыл­дық жерлерде байланысты қамта­масыз ету әрі цифрлық мемле­кеттік сервистер, жасанды интел­лект және технопарктер сала­сындағы бастамалар бар. Дүни­е­жүзілік банк осы бас­та­ма­ларға қолдау көрсетуге дайын.

«Қазақстандағы цифрлан­дырудың қазіргі мәртебесі – көп­теген басқа дамушы елдер­мен салыстырғанда өте озық. Сіздерде жақсы дамыған мобиль­ді байланыс, сапалы қызмет көрсететін электрондық үкімет платформасы, жеке секторға арналған дамыған экожүйе, тиімді ұлттық стратегия және саясат бар. Жақында ЖИ саласында жаңа заң қабыл­дадыңыздар. Осының бәрі өте керемет ұйымдастырылған. Мен сіздермен жұмыс істей бастағаныма өте қуаныштымын. Жасанды интеллект саласында жаңа сын-қатерлер бар, сондықтан да бұл міндетті жүзеге асыру бәріміз үшін оңай соқпасы анық», деп атап өтті Сангбу Ким.

Кездесу қорытындысында мәр­тебелі мейман елімізді Дүние­жүзілік банктің цифр­лан­дыру және жасанды интеллект жөніндегі жаһан­дық стратегиясының негізгі серіктес әрі қатысушы ел болуға шақырды. Бағдарлама цифрлық экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Типтік келісім бағыттары цифр­лық байланыс пен инфра­құрылымды дамыту, цифрлық мемлекеттік платформалар мен сәйкестендіру жүйелерін жетілдіру, деректерді реттеу, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық дағды­ларды дамыту, жасанды интеллект экожүйесін ілгері­летуді қамтиды. Елдерге арнал­ған цифрлық келісімдер әр мем­лекеттің ұлттық басымдық­тарына сәйкес бейімделеді.

Премьер-министр Олжас Бектенов вице-прези­дент Сангбу Кимге және Дүние­жүзілік банк командасына Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтып, Үкіметтің World Bank Digital Compact-ке қатысуға дайындығын атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью