Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Мұрат Ғалиасқарұлы Қожанов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Цифрландыру және инновациялар институтының директоры лауазымына тағайындалды.
Мұрат Ғалиасқарұлы 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне «Цифрландыру» бағыты бойынша қабылданған.
1992 жылғы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша бакалавр;
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистр;
Óbuda University (Венгрия), Doctoral School of Applied Informatics and Applied Mathematics докторантурасы.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде кафедра зертханасының меңгерушісі болып бастаған. 2015–2025 жж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде басшылық және ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, электрондық білім беру технологиялары ғылыми-зерттеу институтының директоры, цифрландыру басқармасының басшысы, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2025 жылдың ақпан айынан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Ғылыми жарияланымдардың авторы, бірқатар ақпараттық жүйеге авторлық куәліктердің иегері. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2023» атағының иегері. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.
Бұдан бұрын Ұлттық банк төрағасының орынбасары тағайындалғанын жаздық.