Цифрлық державаға айналу өркениетті ел болып қалудың бірден бір жолы

06.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Қазақстан цифрлық державаға ай­налуы керек. Бұл – қазіргі жаңа тех­но­ло­гия дәуірінде өркениетті ел болып қалу­дың бірден-бір жолы».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан басылымына берген сұхбатында еліміздің цифрлық әлеуетіне баға беріп, қоғамға жасанды интеллектіні енгізудің маңызына тоқталды. Бүгінде мемлекеттік қызметтерде, экономиканың бірқатар сек­то­рында цифрландыру үрдісі жолға қойылған, ІТ-стартаптарды қол­дай­тын толыққанды экожүйе қалыптасқан. Президенттің айтуынша, ІТ-қызметтердің жалпы экспорты былтыр бір миллиард долларға жуықтаған. Енді цифрлық активтерді дамыту мақсатында CryptoCity пилоттық аймағы құрылып, цифрлық қалаға айналатын Alatau city құрылысы қарқынды жүргізілмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Кәсіби кадрларды даярлау үшін мек­тептер мен университеттерде тиісті білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 650 мыңнан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында білім алды. Көп ұзамай Жасанды интел­лект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады. Жасанды интеллект пайда болғаннан бері болашақтың кемесіне мініп үлгеретін елдер мен ескі заманда қалып қоятын елдердің арасы алшақтай бастады. Сондықтан мен цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні Қазақстанның даму жолындағы басым бағыт деп жарияладым. Биыл өте көп шаруа атқарылады. Осы айрықша маңызды жұмыстың табысты боларына сенемін.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью