Цифрлық кодекс дербес деректер қауіпсіздігінің басты кепілі

23.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

 Енді азаматтар цифрлық ортада өздерінің дербес деректерін жоюға, оны жасыруға және өзгелердің қолдануына шектеу қоюға құқылы.

Ал биометриялық тексерісті Заңда белгіленген жағдайларда ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл туралы бүгін цифрлық кодекске қатысты өткен баспасөз жиынында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлімдеді. Естеріңізде болса, қаңтар айынының алғашқы онкүндігінде мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойған еді. Құжатта цифрлық қауіпсіздік тетіктері кеңінен қамтылып, мемлекеттік қызметте қолданылатын цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері кеңейтілді. Көру, есту, сөйлеу және қозғалу қабілетінде ақауы бар азаматтардың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға баса мән берілді. 7 бөлімнен тұратын кодексте цифрлық кеңістегі әлеуметтік жауапкершілікті күшейту мәселесі де назарға алынды.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

"Цифрлық ортада жеке деректер қауіпсіздігін арттыру үшін Кодексте цифрлық аутентификация, бірыңғай байланыс арнасы арқылы хабарламалар жіберу және смарт-келісімшарттар енгізілген. Смарт-келісім-шарттардың заманауи технологиялық құралдарын қолдану жеке тұлғалар мен бизнес иелері үшін заңдың қызметтердің жеделдігін арттырады".

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью