Цифрлық мониторинг: өрт қауіпсізідігін бақылайтын арнайы штаб жұмыс істейтін болады

30.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында жедел штаб құрылып, жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м. а. Мақсат Елемесов ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді. «Қазіргі уақытта тәулік бойы мүдделі ұйымдардың өкілдері кезекшілік атқаруда. Олардың қатарында

— Қазавиаорманқорғау» РМҚК Республикалық диспетчерлік қызметі, «Қазгидромет» РМК, «ҚазАвтоЖол» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Апаттар медицинасы орталығы және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ бар. Өртті ерте анықтау жүйесінің камералары және mchs.gharysh.kz геосервисі арқылы ел аумағындағы өрт жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде туындаған өрт ошақтарына жедел әрекет ету қамтамасыз етіледі, — деді спикер.

Айта кетйеік, өрт қауіпі бар маусымға 7 мыңнан астам маман жұмылдырылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью