Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру нәтижесінде мед️ицина қызметкерлеріне жүктеме 30-40%-ға төмендеді, деп хабарлады үкімет.
Жалпы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің 88%-ы электронды түрде көрсетіледі.
"2025 жылы 215 млн-нан астам мемлекеттік қызметтің 190,8 млн-ы электрондық форматта ұсынылды. 8,5 млн-нан астам электрондық медициналық анықтама берілді, 5,6 млн адам дәрігерге онлайн-жазылуды пайдаланды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар 11 миллионнан астам әйел мен бала денсаулықтың цифрлық мониторингімен қамтылған. Цифрлық бақылау жүйесінде шамамен 7 миллион бала мен 4,3 миллион әйел бар. Ал динамикалық бақылауға тағы 3,6 млн пациент енгізілді.
Үкімет мәлісметінше, цифрлық таңбалау заңсыз саудадағы 21 мыңнан астам дәрі-дәрмекті анықтауға көмектесті.
"Таңбалау кодтары препараттардың қалдықтары мен қозғалысын онлайн бақылауға, олардың қозғалысын қадағалауға, ауытқуларды анықтауға және заңсыз есептен шығарудың алдын алуға мүмкіндік береді", - дейді үкіметте.
Бұдан бөлек, цифрлық бақылау 10,6 млрд теңге болатын негізсіз медициналық қызметтердің алдын алуға көмектесті.