Цифрлық таңбалау сапаны қадағалау

26.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Нарықтағы ашықтық пен әділ бәсеке цифрлық шешімдер арқылы қалыптасып келеді. Тауар айналымын толық бақылауға алған таңбалау жүйесі көлеңкелі нарыққа тосқауыл қойып, салық тәртібін күшейтуді көздейді. Бұл тәсіл ішкі өндірісті қорғап қана қоймай, тұтынушының сапаға деген сенімін де арттыра түседі.

Сурет: zakon.kz

Экономиканы көлеңкелі айналымнан арылту, бюджет кірісін ұлғайту, адал бәсекеге жол ашу – мемлекеттің стратегиялық міндеті. Осы мақсатта елде тауарларды міндетті цифрлық таңбалау мен қадағалау жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Бұл бастама алғашында техникалық жаңалық ретінде қабылданғанымен, уақыт өте оның құрылымдық реформа сипатына ие екені айқындалды. Әңгіме жай ғана код жапсыруда емес, бүкіл тауар қозғалысын цифрлық ізге түсіруде.

Қазір міндетті таңбалау алты тауар тобына қолданылады: темекі өнімдері, аяқ киім, дәрілік заттар, сыра сусындары, мотор майлары, киік мүйізі.

Алғашқы қадам 2020 жылғы 1 қа­­занда темекі өнімдерінен басталды. Кейін аяқкиім, дәрілік заттар қам­тыл­ды. Жүйе іске қосылғаннан бер­гі экономикалық әсер нақты көрсет­кіштер арқылы көрініс тапты. Темекі нарығында айналымның 95 пайызға жуығы цифр­лық форматқа көш­кен. Заңсыз өнімді анықтау тиімділігі бір­неше есеге артқан: анықталған көлең­келі айналым көлемі 2 млрд теңгеден 12,8 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Салық түсімі бір жарым есеге өсіп, бюджет­ке қосымша ондаған млрд теңге түс­кен. Аяқкиім сегментінде кіріс үш есеге жуық көбейген.

Tañba бірыңғай операторын бас­қа­ратын Бикеш Құрманғалиева әр тауар бір­лігіне бірегей Data Matrix коды бері­летінін айтты. Сол код арқылы өнімнің өндірістен бастап соңғы сатылымға дейінгі қозғалысы толық бақыланады. Осылайша, нарықта бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптасады. Көлеңкелі арналар қысқарып, адал кәсіп иелеріне тең жағдай жасалады. Сауда тізбегінің әр буыны көрініп тұрған соң, жалған құжат рәсімдеу, контрабандалық жет­кізілім секілді тәуекелдер азаяды.

Б.Құрманғалиеваның айтуынша, дәрілік қамтамасыз ету саласында бұл тетік айрықша нәтиже берген. Жүйе денсаулық сақтау инфрақұрылымымен ықпалдастырылып, дәрі-дәрмектің қозғалысы толық бақылауға алынған. Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына тосқауыл күшейген. Мемлекеттік сатып алуда жоспарлау нақтылығы артып, бюджет қаржысы үнемделген. Мыңдаған заң бұзушылық анықталған. Бұл цифрлық бақылаудың тек фискалдық емес, әлеуметтік маңызы да зор екенін көрсетеді.

Былтыр 1 желтоқсаннан бастап киік мүйіз­ін міндетті таңбалау енгізілді. Мұ­ның халықаралық қыры бар. CITES кон­вен­циясының талаптары сирек кезде­сетін жануарлар дериваттарының заңды шығу тегін дәлелдеуді міндеттейді. Цифр­лық белгі болмаса, экспортқа рұқ­сат жоқ. Бұл жүйе таби­ғи бай­­­лық­ты қорғау ісімен ұштасып жатыр. Ха­лық­аралық міндеттемелердің орын­да­луы да осы тетік арқылы айқын­далады.

Биылдан бастап мотор майлары мен сыра өнімдері кезең-кезеңімен таңбаланады. Алдымен пластикалық, метал мен шыны бөтелкедегі өнімдер таңбаланып, кейін оған қаңылтыр банкадағы түрлері қосылды.

Үкімет отандық өнім өндірушілерге нақты көңіл бөліп, мемлекеттік қолдауды күшейтіп жатыр. Дегенмен де тауарларды таңбалау кезінде отандық өндірушілерге басымдық беріле ме, әлде олардың да кейбір тауарына шектеу қойыла ма? Осы сауалға жауап берген спикердің жауабынан түйгеніміз, жүйе тауардың шыққан еліне қарай шешім қабылдамайды. Негізгі талап – заңдылық пен ашықтық. Егер өнім кедендік рәсімнен заңды өтіп, құжаттары толық болса, код беріледі. Ал заңсыз арнамен келген, декларацияланбаған тауарға жүйе тосқауыл қояды. Яғни бұл тетік белгілі бір елге қарсы шектеу емес, ортақ ережені сақтауды міндеттейтін құрал.

Шын мәнінде цифрлық таңбалау протекционизмнің жасырын формасы емес. Ол – әділ бәсекенің алғышарты. Көлеңкелі импорт азайған сайын ішкі өндірістің мүмкіндігі кеңейеді. Баға демпингі тежеледі. Нарықтағы ойын ережесі айқындалады. Адал кәсіп иесі ұтады, салық түсімі өседі, тұтынушы сапалы әрі заңды өнім алады, дейді сарапшылар.

Арнайы қосымша арқылы әр адам тауар­дағы кодты сканерлеп, оның түп­нұс­қалығын бір сәтте тексере алады. Өнімнің қайда өндірілгені, қандай жеткізу тізбегімен келгені жөніндегі мәлімет ашық көрінеді. Күмән туын­даған жағдайда тиісті органға тікелей хабарлама жолдау мүмкіндігі қарас­тырылған. Осылайша, нарықты қада­ға­лау тек құзырлы құрылымдардың мін­деті болып қалмай, тұтынушының өз қо­лына да көшеді. Әр азамат өзі сатып алған өнімнің заңдылығына көз жет­кізе алатын орта қалыптасып, қоғамдық бақылау жаңа сапалық деңгейге көтеріледі.

«Naqty Onim қосымшасы арқылы әр адам тауар кодын сканерлеп, оның түпнұсқалығын тексере алады. Өндіруші туралы мәлімет ашық кө­рінеді. Қажет болса, құзырлы орган­ға шағым жолдауға мүмкіндік бар. Бұл – қоғамдық бақылаудың жаңа деңгейі», деді Б.Құрманғалиева.

Қазір медициналық бұйымдар, өсім­дік майы, ағаш материалдары, тұр­мыстық химия, косметика бағы­тында қанатқақты жоба жүріп жатыр. Бұрын биологиялық белсенді қоспа­лар, сұйытылған газ, зергерлік бұйым­дар сыннан өткен. Әрбір жаңа қадам эко­но­микалық есепке сүйеніп қабылданады.

Цифрлық таңбалау – салық жинау­дың тетігі ғана емес, экономика­ның тәртібін қалыптастыратын құрал. Ол көлеңкелі айналымды шектеп, адал еңбекті бағалайтын орта құруға бағытталған. Ең бастысы, нарықтағы сенімді күшейтеді. Сенім бар жерде сапа артады. Ал сапа артқан жерде ұлт­тық өндірістің еңсесі тіктеледі. 

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 13:03

«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 12:48

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Қоғам • Бүгін, 12:42

Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?

Дін • Бүгін, 12:34

Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 12:18

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 12:09

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?

Қоғам • Бүгін, 11:58

Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді

Қоғам • Бүгін, 11:50

Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?

Балалар • Бүгін, 11:43

Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты

Бокс • Бүгін, 11:38

Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Аймақтар • Бүгін, 11:22

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 11:12

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

Футбол • Бүгін, 11:07

Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады

Саясат • Бүгін, 10:58

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

Қазақстан • Бүгін, 10:43

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью