Цифрлық трансформация карталары енгізіліп жатыр Жаслан Мәдиев

28.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

— Экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізудің екі негізгі мақсатын атап өту қажет. Біріншісі — экономикалық өсім. Жасанды интеллект өнімділікті арттырудың негізгі драйверіне айналуы тиіс. Бұл жеке процестерді автоматтандыру туралы ғана емес. Жасанды интеллект жаңа өнімдерді, жаңа нарықтарды және экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы қажет. Екіншісі — бизнесті қолдау. Жасанды интеллект есебінен бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдету, өтініш беру форматынан проактивті қызметтерге көшу және бизнес шығындарын қысқарту қамтамасыз етіледі, — деді Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар ол мемлекеттік органдармен бірлесіп Цифрлық трансформация карталары енгізіліп жатқанын айтты. Бүгінде 72 сала мен қызмет бағытын қамтитын 20 карта бекітілді. Атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да бағыттар.

Әр карта:

— негізгі цифрлық сын-қатерлерді,

— AI-шешімдерді енгізу жоспарын,

— 2027 жылға дейінгі KPI және әлеуметтік-экономикалық әсерлерді қамтиды.

— Процестерді жобалауда жасанды интеллектіні басым қолдануды көздейтін AI-First қағидатына сәйкес бірыңғай архитектуралық тәсіл қолданылды. Бұл тәсіл «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында баршаға қолжетімді. Барлық орталық мемлекеттік органның бекітілген карталарды орындауы міндетті екенін атап өткім келеді, — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2035 жылға қарай Қазақстанда 562 кәсіп немесе еңбек нарығының 44%-ы (шамамен 4 млн адам) жасанды интеллектінің ықпалымен өзгеруі мүмкін

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью