Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

24.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрыл­тай­дағы цифр­­ландыру мен жасанды интеллектіге қатысты айт­қан пі­­кірі елі­міздің тех­нологиялық бағытын айқындайтын ма­­­ңыз­­ды бағ­дар болды.

Сурет: adyrna.kz

Мемлекет бас­шысы цифрлан­ды­­ру­ды жай тех­никалық үдеріс емес, стра­тегиялық міндет ретін­де атап өтіп, жасанды интеллект жы­­лын жариялау арқылы бү­кіл мем­­­­лекеттік аппаратқа нақ­ты әрі өлшемді мақсат қойып отыр. Бұл – елі­­міздің жаһан­­дық тех­но­­ло­гиялық бәсе­­ке­лес­тікке бейімделуінің белгісі.

Жүйеге жасанды интеллект енгізудің басты тиімділігі – шешім қабылдау уақытын қысқарту, өнімділікті арттыру әрі мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту. Президент осы бағыттағы жұмыстар статистика үшін емес, нақты нәтиже үшін іске асуға тиіс екенін дұрыс айтты.

Сонымен қатар «Ұлттық цифрлық мұра» бастамасы – өте дер кезінде көтеріл­­ген тақырып. Тарихи, мәдени, ғылыми қорды цифрлық форматқа көшіру тек мұрағат жұмысы емес, ұлт­тың ақпарат­тық егемендігі мен идео­логиялық тәуел­сіздігін сақ­тай­тын стратегиялық қадам. Әлем­де дерекке иелік еткен ел ғана бәсекеге қабілетті мем­­ле­­­­­кетке айналып жатыр. Сол себепті цифрландыруды эконо­ми­­ка­лық құрал ретінде ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен мәдени тұтастықтың тірегі ретінде қа­рас­­тыру – дұрыс шешім.

Жалпы, Президенттің бұл жолғы ұста­нымы еліміздің цифрлық трансформацияда жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Егер осы міндеттер жүйелі орындалса, еліміз аймақта ЖИ мен цифрлық технологияларды дамытатын жетекші орталыққа айналу мүмкіндігіне ие болады.

Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ,

ІТ маманы

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью