Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл күні еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте және оңтүстікте екпінді жел соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Батыс пен оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Соған қарамастан, бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысы мен Абай облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +40-41°C-қа дейін көтеріледі.
Алматы облысы, Жетісу облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы +35-39°C болады.
Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа +38-42°C-қа дейін қызады. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында аптап ыстық +40-44°C-қа дейін жетеді.