CSIS: Ресей мен Украинаның шығыны 2 миллион адамға жақындады

28.01.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Толық ауқымды соғыстың төрт жылына жуық уақытында Ресей мен Украина әскери қызметшілерінің жалпы шығыны екі миллион адамға жақындап қалды. Бұл туралы Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) мәлімдеді , деп хабарлайды Arasha.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, қаза тапқандар, жараланғандар немесе хабар-ошарсыз кеткендердің жалпы саны 1,8 млн адамды құрайды. Оның 1,2 миллионы – Ресей тарапынан, 600 мыңы – Украина тарапынан.

CSIS мәліметтеріне сүйенсек:

Ресей: Соғыс басталғалы 315 мыңға жуық сарбазынан айырылды (қаза тапқандар). Тек 2025 жылдың өзінде Ресей әскерінің шығыны (өлімі мен жаралысы бар) 425 мың адамды құрады. Бұл – айына орта есеппен 35 мың адам деген сөз.

Украина: Орталықтың бағалауынша, Украина Қарулы Күштерінің қайтпас шығыны (қаза тапқандар) 140 мың адамды құрайды.

Аналитиктердің болжамынша, екі жақтың жиынтық шығыны осы көктемде екі миллиондық межеден асып түсуі мүмкін.

«Бұл сандар ақылға сыймайды. Әлемдегі жетекші елдердің ешқайсысы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі бірде-бір қақтығыста мұндай шығынға ұшыраған емес», — деп атап өтті CSIS сарапшылары.

Орталықтың есебінше, Украинадағы соғыста Ресей армиясы КСРО-ның Ауғанстандағы соғысынан 17 есе, ал Чешенстандағы екі соғыстың қосындысынан 11 есе көп сарбазынан айырылған.

Шығын көп, нәтиже аз

Орасан зор адам шығынына қарамастан, Ресейдің басып алған аумақтары шектеулі күйде қалып отыр. 2024 жылдың қаңтарынан бастап Ресей әскері Украина аумағының тек 1,5%-ын ғана басып алды. Қазіргі уақытта Мәскеу Украинаның шамамен 20%-ын (120 мың шаршы шақырым) бақылауда ұстап отыр.

Сарапшылар Ресей әскерінің ілгерілеу қарқынын Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі баяу қозғалыспен салыстырады: кейбір бағыттарда олар күніне небәрі 15-70 метр ғана алға жылжыған. Сонымен қатар, аспандағы дрондардың көптігінен Ресей ауыр бронды техникадан бас тартып, мотоциклдермен немесе жаяу кішігірім топтармен әрекет етуге көшкен.

Ресми емес деректер

Би-би-си орыс қызметі мен Медиазона еріктілермен бірлесіп, 2026 жылдың 16 қаңтарына дейін Украинадағы соғыста қаза тапқан 163 606 ресейлік әскери қызметшінің атын нақты анықтады. Бұл тізімге тек есімдері ашық дереккөздер арқылы расталғандар ғана енген, сондықтан нақты шығын бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью