Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ауқымды іс-шара Қозыбаев университетінде және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен өтті.
Хакатонға еліміздің 13 жоғары оқу орнынан келген командалар қатысып, жалпы жүлде қоры — 4 млн теңгені сарапқа салды. Іс-шараның негізгі мақсаты — IT, мобильді технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллект салаларында студенттердің әлеуетін айқындау.
Фото: Қозыбаев университетіХакатон аясында қатысушылар екі бағыт — «Агроаналитикадағы AI» және «Криптоқауіптерге қарсы AI» бойынша жұмыс істеді. Студенттер ауыл шаруашылығын дамытуға арналған цифрлық шешімдер мен криптовалюта саласындағы тәуекелдерді анықтайтын технологияларды ұсынды. Олар өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, практикалық маңызын көрсетті.
Фото: Қозыбаев университетіФото: Қозыбаев университеті— Бүгін университетіміз еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ондаған командасының басын қосты. Заманауи технологиялық міндеттерді шешуге 160-тан астам дарынды жас қатысып отыр. Қазіргі таңда цифрландыру тек процестерді автоматтандыру ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуының негізі болмақ. Университетіміз жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді қолдайды. Бұл бағдарлама студенттердің идеяларын нақты прототиптерге айналдыруға мүмкіндік береді, — деді Қозыбаев университетінің ректоры Ербол Исақаев.
Хакатон қорытындысы бойынша жеңімпаздар әр бағыт бойынша 1 млн теңгеден иеленсе, екінші және үшінші орындарға 500 мың және 300 мың теңгеден табысталды.
«Криптоқауіптерге қарсы AI» бағыты бойынша Қозыбаев университетінің «Kings of Taiynsha» командасы жеңіске жетті. Олар ұсынған CRYPTOGUARD AI жобасы криптовалюта желілеріндегі күдікті операцияларды анықтауға арналған.
Ал «Агроаналитикадағы AI» бағыты бойынша бірінші орынды Алматыдағы ҚБТУ-дың «Open to Work» командасы иеленді.
Фото: Қозыбаев университетіСонымен қатар, ең креативті цифрлық шешім үшін 400 мың теңге көлеміндегі арнайы жүлде Қозыбаев университетінің «67» командасына берілді.
Фото: Қозыбаев университетіҰйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар студенттердің кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, елдің цифрлық трансформациясына үлес қосатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Фото: Қозыбаев университетіБұған дейін биыл мектеп оқушылары арасында ЖИ бойынша халықаралық олимпиада Қазақстанда алғаш рет өтетінін жазған едік.