Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Екі университет арасындағы көп жылдан бері жалғасып келе жатқан серіктестік ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жүйелі дамытуға негізделген.
Осы ынтымақтастық аясында Цюрих университетінің студенттері Жетісу өңірінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысып келеді.
Кездесудің ең әсерлі сәті – швейцариялық студенттердің қазақ тілінде сөйлеп, алғысын қазақша жеткізді. Бұл – қазақ тілін үйренуге деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын және ана тіліміздің ғылыми, білім беру және мәдениетаралық кеңістіктегі орны нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді. Қазақ тілін меңгеру – тек тілдік дағды қалыптастыру ғана емес, ол халықтың дүниетанымын, тарихын, құндылықтары мен рухани болмысын тереңірек тануға бастайтын маңызды жол.
Біз үшін шетелдік жастардың қазақ тілін үйренуге ықылас танытып, қазақша сөйлеуге ұмтылуы – ерекше қуаныш әрі үлкен жауапкершілік. Жетісу университеті қазақ тілін халықаралық академиялық ортада танытуға, оны үйренуге ниетті студенттерге қолдау көрсетуге және тіл арқылы халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға әрдайым басымдық береді.
Білім мен ғылым саласындағы мұндай кездесулер жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, ұлттық тіл мен мәдениетті әлемдік кеңістікке танытудың тиімді тетігіне айналады. Қазақ тілін құрметтеу және оны үйренуге деген шынайы қызығушылық – достықтың, ашық диалогтың және ұзақмерзімді серіктестіктің берік негізі.
Цюрих университетінің профессорлары мен студенттеріне қазақ тіліне, еліміздің мәдениеті мен тарихына деген шынайы қызығушылықтары үшін алғыс білдіремін. Екі университет арасындағы достық пен ынтымақтастық алдағы уақытта да жаңа жобалармен толығып, нәтижелі жалғасын табады деп сенемін.