Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеуде өткен кездесуге оң бағасын берді. Алайда бұл келіссөздің қандай да бір нәтиже беруіне күмән келтірді. Бірақ Ақ үй басшысы: «Путин соғысты аяқтауға бейілді», – деп мәлімдеді.
Кремльде 5 сағатқа созылған басқосуға Құрама Штаттардың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президент Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысты. Ресей тарапынан президент Путиннен бөлек, оның көмекшісі Юрий Ушаков және инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев болды. Алдағы күндері Украина делегациясы АҚШ-қа барады. Тараптар Майамиде келіссөз нәтижесін талқылайды. Президент Владимир Зеленскийдің айтуына қарағанда бұл кездесуге Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров барады. Кремль таратқан ақпаратқа сай тараптар жер мәселесі бойынша бітімге келе алмаған.