Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ресей Украина астанасы Киев пен өзге қалаларына шабуылдарды бір аптаға тоқтатады. Бұл туралы Дональд Трамп министрлер кабинетінің отырысында мәлімдеді.
Ақ үй басшысының айтуынша, Владимир Путин оның күн райының күрт суытуына байланысты атысты доғару туралы өтінішіне келісім берген. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Трамптың бұл әрекетін қолдап, Ресей тарапынан уәденің орындалуын күтетінін жеткізген. Атысты уақытша тоқтату қашаннан бастап күшіне енетіні нақтыланған жоқ. Синоптиктер алдағы күндері Киевте аяз күшейіп, ауа температурасы -26-27 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. «Би-Би-Си»-дің мәліметіне қарағанда, Украина өз кезегінде Ресейге қарсы соққыларын тоқтатуға келісті. Кремль бұған қатысты, әзірге пікір білдірген жоқ. Еске салайық, өткен аптада АҚШ, Ресей, Украина өкілдері Абу Дабиде кездескен еді. Келіссөздер 1 ақпан күні жалғасады.