Д. Трамп Украинада сайлау өткізуге шақырды

10.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Дональд Трамп Украинада президенттік сайлау өткізуге шақырды. Бұл туралы ол Politico басылымына берген сұхбатында айтты.

Ақ үй басшысы Украинада біраз уақыттан бері президент сайлауы өтпегенін және бұлай жалғаса берсе, бұл демократияға қайшы әрекет болатынын атап өтті. Бұдан өзге АҚШ президенті Ресей мен Украина арасында бітім орнату бойынша келіссөздерге қатысты пікірімен бөлісті. Еуропа елдерін жанжалды реттеуде белсенділік танытпағаны үшін сынға алды. Айта кетейік, Украина басшысы Владимир Зеленскийдің президенттік мерзімі өткен жылы аяқталған еді. Бірақ соғыс жағдайында сайлау өткізу, әзірге, мүмкін болмай тұр. Ал заңға сәйкес жаңа президент тағайындалмағанша ол өз орнында қалады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью