Дәйекті реформаға сенім зор

25.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Еліміз бір палаталы Парламентке көшкен жағдайда депутаттар партиялық тізім бойынша сайланған жөн деп есептейді сарапшылар. Өйткені бұл жүйе кішігірім елдерде немесе унитарлы мемлекеттерде жиі кездеседі. Ал халықтың елдегі саяси партияларға деген көзқарасы мен сенімі қандай? Жалпы партияларды біле ме? Еуразиялық интеграция институтының жүргізген зерттеуіне сәйкес, ел тұрғындарының басым бөлігі «Amanat» партиясын атаған.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Еуразиялық интеграция институ­ты­ның ғылыми-теориялық талдау және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің меңгерушісі Арман Ешмұратовтың айтуын­ша, институт сондай-ақ азаматтардың елдің қоғамдық-саяси күн тәртібіне, БАҚ-ты тұтыну арналарына, ақпарат көздеріне сенім деңгейіне, олардың қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайға берген бағасына, Мемлекет басшысының рейтингі мен қызметіне де зерттеу жүргізген.

Сауалнамаға қатысқандардың 78,5 па­йызы кейінгі үш айда Президенттің жұ­мы­сы тиімді бол­ғанын атап өткен. Ал «Егер жа­қын аралықта Президент сайлауы бола қалса, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына дауыс бересіз бе?» деген сауалға қаты­­су­­шылардың 77,3 пайызы «иә» деп жауап берген. 71,5 пайызы алдағы уақытта елде жақ­сы өзге­рістер болатынына сенім біл­дірген.

Елдегі саяси партиялардың ішінен «Amanat» партиясын 62,4 пайыз қатысушы атап өткен. Одан соң халық «Ақ жол» (29,7 пайыз) мен «Ауыл» (29,3 па­йыз) партияларымен жақсы таныс. Ал респон­дент­тердің 17 пайызы Қазақстан Халық партиясын, 15,1 пайызы «Respublica» партиясын, 11,7 пайызы «Байтақ» партиясын білетінін айтқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын қатысу­шы­лардың 10,3 пайызы ғана белгілеген.

«Сауалнаманы біз осы жылдың 1-10 қараша аралығында жүргіздік. 17 аудан мен республикалық маңызы бар 3 қаланың 18 жастан асқан 1 467 азаматы қатысты. Олар – қала мен ауыл тұрғындары. Жалпы зерттеуге қатысушылардың 52 пайызы елдің саяси, экономикалық жағдайын қадағалап отыратынын айтады», дейді А.Ешмұратов.

Зерттеуге сүйенсек, елдегі жаңалық­тар­ды тұрғындардың басым бөлігі (52,7 пайыз) теледидардан көреді. Бұдан соң әлеуметтік желілердегі (Instagram – 51,2 пайыз, TikTok – 39,7 пайыз, YouTube – 26,7 па­йыз) ақпараттарға көз жүгіртеді. Сондай-ақ респонденттердің 33,5 пайызы WhatsApp мессенджері арқылы, 29,7 пайызы интернет ресурстары мен ақпараттық агенттіктердің жаңалықтарын қарайды. Ал олардың 19,4 пайызы жаңалықтарды отбасы мүшелері мен туыстарынан, 18,7 пайызы әріптес, дос, көршілерінен еститінін айтады. Десе де, халық мемлекеттік БАҚ-қа сенім білдірген. Зерттеу тұрғындардың ақпараттық интернет-порталдарына сене бермейтінін көрсетті.

Облыстардағы қоғамдық-саяси, эконо­ми­калық жағдайды қатысу­шылар тұрақ­ты деп бағалаған. Осылайша 66 пайыз респондент ел дұрыс бағытта дамып жатқанын айтқан. 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью