Даланың дара батыры

09.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.

Аудан орталығы Темір­лан елді мекеніндегі Қажы­мұқан Мұңайтпасұлы атын­дағы мәдени-спорт кеше­нінде ұйымдастырылған «Қажы­мұқан – даланың дара батыры» атты салтанатты іс-шара барысында жиналған қауымға балуан бабаның өмір жолы мен ерлігі кеңінен насихат­талды. Аудан әкімі Азат Орал­баев даңқты балуанның қазақ халқы үшін ғана емес, күллі түркі жұрты үшін мақта­­ныш екенін атап өтті. «Орда­басы өңірі үшін Қажымұқан есімі ерекше қастерлі. Себебі бұл қасиетті мекенге бабамыз­дың жамбасы тиген, кесе­несі орналасқан. Өткен жылы ауданымызда Қажымұ­қан Мұңайтпасұлының құрме­тіне заманауи мәдени-спорт ке­­ше­ні ашылды. Мұражай, кі­тапха­на, көрме залы мен конфе­ренция бөлмелері бар бұл нысан бүгінде тек спорт ордасы ғана емес, жас ұрпақтың рухын көтеретін, саламатты өмір салты мен ел бірлігін наси­хат­тайтын маңызды орталыққа айналды», деді аудан әкімі.

Сонымен қатар мәслихат депутаты Бақдәулет Жұма­беков, Қажымұқанның не­ме­ресі Нұрлан Қажымұқан, спорт саласының ардагері Қуат Байқожаев та сөз алып, баба рухына тағзым етті. Көпшілік мәдени-спорт кешеніндегі мұражайда балуанға қатысты танымдық-тағылымдық деректер, фотосуреттермен танысты. Қажымұқан Мұңайтпасұлы 17 жасында палуан ретінде танылып, 18 жасында циркке шақырылады. 1905 жылы Харбинде өткен жарыста джиу-джитсудан алтын медаль алып, «Маньчжурия чемпионы» атанады. Кейін Германия, Швеция, Ресей, Америка құрлықтарында өткен ірі додаларда топ жарып, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы ретінде тарихқа енді. Оның қарсыластары арасында атақты шетелдік балуандар болды. Соның ішінде жапон балуаны Саракикимен болған жекпе-жек ерекше есте қалған. Қанша ауыр жарақат алса да, Қажымұқан қарсыласын жеңіп шыққан. Замандастары оның бойындағы табиғи күш пен қайсарлықты ерекше бағалаған. Белгілі палуан Николай Турбас өз естелігінде: «Палуандардың көбі одан қорқатын», деп жазған. 

Қажымұқан өмірінің соң­ғы кезеңін Ордабасы ауда­нындағы Темірлан ауылында өткізген. Қара шаңырақ та осы жерде орналасқан. Уақыт өте келе ескі үй жарамсыз күйге түскен соң, туыс­тары жаңадан үй тұрғыз­ған. Қазір бұл шаңырақта ба­луанның шөбересі Қуаныш­бек Ескермесовтің отбасы тұрып жатыр. Бүгінде үй­дің бір бөлмесі мұражайға айнал­дырылған. Мұнда Қажы­мұқанның көзі тірісінде қол­данған заттары – су ішкен ожауы, жатқан кереуеті, сандығы, дәрет алған ыдысы, ошағы сақталған. Сонымен қатар есік алдында балуанның өзі қаздырған құдық бар. Ескі үйден алынған табалдырық пен Польшадан алып келген шамадан да осы мұражай­да. Қажымұқанның немересі Нұрлан Айдарханұлының айтуынша, музейдің қалып­тасуына ұрпақтары үлес қос­қан. Атасының жолын жал­ғаған немересі Шаттық Қажымұқанов – каратэ-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2002 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ал тағы бір немересі Бақытжан Қажымұқанов – танымал композитор, «Жас қанат», «Азия дауысы» байқауларының жүлдегері.

Темірланда өткен іс-ша­рада өнер­па­з­дардың кон­церттік бағдар­ла­масы ұсы­нылып, театрландырыл­ған қойылымдар сахналанды. Сонымен қатар Қажымұқан рухына арналған ерекше күш көрсетілімдері – тас сындыру, темір майыстыру секілді рекордтық шоулар көрер­мен­ге ұсынылды. Қазақ күре­сінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир ұйым­дастырылды.

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жетісудағы туристік инфрақұрылым: Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйі тексерілді

Үкімет • Бүгін, 10:03

Әлемдік қауымдастық мойындаған мегажоба

Саясат • Бүгін, 09:48

9 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады

Ауа райы • Бүгін, 09:33

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Фарабитанудың елеулі белесі

Ғылым • Бүгін, 08:45

Атажұрттан Анадолыға дейін

Көрме • Бүгін, 08:43

Шағатай әдебиеті

Таным • Бүгін, 08:40

АҚШ-Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі

Әлем • Бүгін, 08:35

Дәулескерлер туралы тың ізденіс керек

Ғылым • Бүгін, 08:30

Оралда көпір құрылысы басталады

Құрылыс • Бүгін, 08:25

Димаш туралы деректі фильм

Өнер • Бүгін, 08:23

Ақылы жол: Тариф өсті, сапа қайда?

Мәселе • Бүгін, 08:20

Маңызды мүдделестік

Пікір • Бүгін, 08:15

Кіріс артып, инфляция төмендеді

Инфляция • Бүгін, 08:10

Оғыз өркениетін ұлықтаған көрме

Саясат • Бүгін, 08:08

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью