Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек

01.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кеше «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Pingwin Friends» ғимаратында боулингтен «Наурыз-2026» турнирі өтті. Оған мүгедектігі бар адамдардың 3 қоғамдық ұйымы қатысты. (Қалада жалпы 7 команда бар). Наурыз мерекесі аясында өткен аталған жарыс спорттың жаңа түрін дамытуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Астана қалалық «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігі 21 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Аталған қоғамдық бірлестік осындай іс-шараларды Астана қаласы әкімдігінің, атап айтқанда, Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауының және кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерінің қолдауымен жоғары деңгейде өткізіп жүр.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Чувствуя жизнь» балалар орталығы жеңіп алса, екінші орынды TIFLOSMART иеленді, ал үшінші орынды «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігі еншіледі. (Турнирдің бас демеушісі «Картчек ОПТ» ЖШС). Командалар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Ал команда құрамындағы әрбір қатысушыға шағын сыйлықтар табысталды.

«Чувствуя жизнь» балалар орталығы атынан турнирге қатысушы 30 жастағы Далида Хасан өз әсерін бөлісті.

«Мен бірінші топтағы мүгедекпін. Бұған дейін атлетикамен айналысып жүргенмін. Қазір боулингті қатар алып жүрмін. Боулингке 2 жылдан бері қызығып, ай сайын өтетін боулинг жарыстарынан қалмауға тырысамын. Бастапқы уақытта дұрыс ойнай алмайтын едім, қазір әлдеқайда жақсы ойнаймын. Бұл спорт түрі адамның бұлшық етін дамытуға көмектеседі әрі уақытым өте қызықты өтеді», деді ол.

Далида Ділмұратқызының пікірінше, мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек.

«Мүгедек болып қалған бастапқы кезде үйден мүлде шықпайтынмын. Осындай қоғамдарға келіп, ойындарға қатысып, өзімді ашып, басқа адамдарды тани бастадым. Жарыс барысында адамдар бір-бірімен танысады, жетістіктеріне қуанады, бір-біріне демеу болады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамнан қалмай, осындай ойындарға қатысып жүруге кеңес беремін. Менің өмірлік ұстанымым − ешқашан еңсені түсірмей, әрдайым жақсылыққа ұмтылу. Осы ретте боулингпен айналысу маған өте жақсы әсер еткенін айта кеткім келеді», дейді Д. Хасан.

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған

Астана қалалық «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомынов атап өткендей, мүгедектер ортасында боулингтік турнирлер өткізудегі мақсат – жастар мен балаларды осы спорт түріне көбірек тарту.

«Боулинг турнирлеріміз бұрын ай сайын «Думан» орталығында өтетін. Ал, бұл жерде бүгін алғаш рет өткізіп отырмыз. Боулинг спорты бізге өте қызық. Бұл турнирді өткізу идеясы 10 жыл бұрын пайда болды. Себебі, басқа спорт түрлерінен федерациялар бар, ал боулингтен мұндай федерация жоқтың қасы. Сондықтан боулингтен турнирлер өткізу жаңа спорт түрін дамыту мақсатында басталды. Федерация ашылса, біз Астанада ғана емес, Көкшетауда, Павлодарда, Шымкентте, Таразда, бір сөзбен айтқанда, боулинг турнирлерін бүкіл Қазақстанда өткізгіміз келеді», дейді Мұрат Өсербайұлы.

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи спорт кешені ашылды

М. Әбдімомыновтың айтуынша, биыл «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігі боулингтен түрлі форматта турнирлер өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңдер Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі азаматтары арасында өтсе, кейінгі жарыстар инклюзивті форматта ұйымдастырылады.

«Инклюзивті турнирлерде әртүрлі адамдар бірге ойнайды. Кейде көзді жауып ойнауға болады. Бұл ерекше тәжірибе адамның сезімін дамытады (Көзі көретін адамдар зағип жандарды сезінеді). Негізгі мақсат − адамдарға мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, спорт арқылы денсаулық пен рухты көтеру, қоғамда тең мүмкіндік жасау.

Энтузиазмды дамыту арқылы адамдар мүгедектігі бар жандарға немқұрайды қарамай, барынша түсінуге ұмтылады. Боулинг – спорт түрі ғана емес, бұл – адамдарды біріктіретін, қоғамды дамытатын құрал», деп түйіндеді «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомынов.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар

Соңғы жаңалықтар

Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 12:28

Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек

Қоғам • Бүгін, 12:27

«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты

Парламент • Бүгін, 12:10

Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады

Қоғам • Бүгін, 11:49

Қырымда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады: 29 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 11:48

Америкалық журналисті ұрлағандардың бірі ұсталды: Күдікті қауіпсіздік қызметінің өкілі болуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 11:30

Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 11:12

Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпиттер таратқан

Оқиға • Бүгін, 11:03

Қарағанды облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

Білім • Бүгін, 10:52

АҚШ әскері Ираннан кете ме? Трамп маңызды үндеу жасайды

Әлем • Бүгін, 10:42

Жалған құжат көрсетіп, ақша талап еткен: Астанада кәсіпкерлерді алдаған күдікті ұсталды

Қоғам • Бүгін, 10:23

30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:15

Таразда 11-сынып оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды

Оқиға • Бүгін, 10:08

Түркістандағы кісі өлімі: Сот айыпталушыларға 20 жылға дейін жаза тағайындады

Қылмыс • Бүгін, 09:50

«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасы: 15 миллион теңге Жүсіпбек Қорғасбекке бұйырды

Әдебиет • Бүгін, 09:44

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью