DamDastour : Шетелдік аспаздар Шымкент тұрғындарына ерекше дәм ұсынады

20.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ертең сағат 12:00-де Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған іс-шара Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылмақшы. Онда қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық және әлемдік асхананың үздік тағамдары ұсынылады.

Фестивальге Қазақстаннан және шетелден келген халықаралық деңгейдегі 10 аспаз қатысып, шеберліктерін көрсетеді.

Digital Qazaqstan форумы алғаш рет Шымкентте өтеді

Фестиваль аясында келесі номинациялар бойынша гастрономиялық байқаулар ұйымдастырылады:
– үздік кәуап;
– үздік палау;
– үздік самса;
– үздік ұлттық тағам.

Сонымен қатар, іс-шараға шамамен 50 жергілікті мейрамхана қатысып, келушілерге түрлі тағамдар ұсынады.

Фестиваль тек гастрономиялық шаралармен шектелмей, ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен жалғасады. Қонақтарды street style және K-pop бағыттарындағы Dance Battle, домбырашылар ансамблінің өнер көрсетуі, батырлар шоуы, цирк қойылымдары, мотошеру және Moto Show, спорттық автокөліктер көрмесі, сондай-ақ қолөнершілер жәрмеңкесі күтеді.

Шымкент көшелеріне 1,6 млн түп гүл егіледі

Іс-шара бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлініп ұйымдастырылады. Этноаймақта гастрономиялық байқаулар мен халықаралық аспаздардың шеберлік сабақтары өтеді, ал еуропалық аймақта заманауи шоу-бағдарламалар, би байқаулары және мотошоу ұсынылады. Сонымен қатар, Арбат аумағында күні бойы қолөнершілер көрмесі жұмыс істейді.

Фестивальдің ресми ашылуы салтанатты түрде өтеді, ал кешкі уақытта жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Әртістер мен арнайы шақырылған хедлайнерлер өнер көрсетеді.

«DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі − бұл Наурыз мерекесінің атмосферасын сезінуге, түрлі халықтардың асханасымен танысуға және отбасы, достармен бірге уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік беретін ауқымды мәдени іс-шара.

Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын осы мерекелік іс-шараға қатысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті

Оқиға • Бүгін, 15:28

Тәшиев тергеуден кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Саясат • Бүгін, 14:07

Туризм саласында қандай өзгерістер болады?

Туризм • Бүгін, 12:26

Қос қазақстандықтың тартысы: Майамиде Рыбакина Путинцеваға қарсы ойнайды

Спорт • Бүгін, 12:08

Бес өңірде жерасты суының жаңа көздері табылуы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 12:03

Қазақстан әлемдік бақыт рейтингінде Франция мен Сингапурды басып озды

Қазақстан • Бүгін, 11:50

Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?

Экономика • Бүгін, 11:18

Ақтөбеде ұры дүкеннен 18 телефон ұрлап кеткен

Қылмыс • Бүгін, 11:06

Ел тұрғындары қандай дәрілерді көп сатып алады?

Денсаулық • Бүгін, 10:55

Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады

Қоғам • Бүгін, 10:45

Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?

Экономика • Бүгін, 10:42

Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп

Қоғам • Бүгін, 10:28

Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 10:12

Қазақстанда қымыз өндірісі артты

Өндіріс • Бүгін, 10:05

Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер ұлттық бұйымдар жасаумен айналысады

Дәстүр • Бүгін, 09:52

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью