Дамир Бекбосынов: Күрестен ел біріншілігінің жеңімпаздарына жүйелі түрде қаржылай қолдау көрсетеміз

03.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл чемпионатта отандық күрестің тарихында тұңғыш рет жүлдегерлерге сыйақы табысталады, жалпы жүлде қоры – 60 млн теңге.

Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Дамир Бекбосыновтың айтуынша, биылғы қаржылай ынталандыру тек U17 және U20 санаттарымен шектелмейді. Федерация жас ерекшеліктеріне қарай өтетін барлық негізгі Қазақстан чемпионаттарының жүлдегерлерін жүйелі түрде қолдауды қолға алған.

– Қазақстан күрес федерациясының президенті Оқасов Еркін Қадырғалиұлының қолдауымен биылғы Қазақстан чемпионаттарына жалпы құны 200 миллион теңге қомақты жүлде қоры қарастырылып отыр. Мысалы, U15 жас санатының жеңімпазына 200 мың теңге, U17 санатында 300 мың, U20 мен U23 санаттарында 500 мың теңге, ал ересектер арасындағы Қазақстан чемпиондарына 1 миллион теңге беріледі. Бұл – спортшылар мен жаттықтырушылар үшін нақты қолдау. Осындай қолдаудың арқасында чемпионаттарымыздың деңгейі де арта түседі деп сенемін, – деді Дамир Әсенғазыұлы.

Фото: ҚР Күрес федерациясы

Сонымен қатар чемпионатта спортшылардың күрес кезінде көрсеткен қайсар мінез бен шеберлік көрсеткен спортшыларда федерация тарапынан «Қайсар рух» және «Дара тәсіл» аталымы бойынша марапатталды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандық балуандар Албанияның Тирана қаласында өткен күрес түрлері бойынша рейтингілік турнирде 11 медаль жеңіп алды.

Фото: ҚР Күрес федерациясы
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью