Даналық һәм диалектика

17.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақпан айы келген сайын қазақ ғылымы бір ірі тұлғаны еске алады. Егер тірі болғанда, бүгін 16 ақпан күні қазақ ғылымы мен рухани ой-санасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, терең ойшыл тұлға Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин 93 жасқа толар еді.

Бұл – бір адамның жасы ғана емес, тұтас бір ғылыми дәуір­­дің өлшеміндей сан. Жабайхан Мүбәракұлы – ойдың тазалығын, ғы­лым­ға адалдықты өмірінің басты мұ­раты еткен сирек тұлғалардың бірі болды. Ол философияны құрғақ тео­рия ретінде емес, адамды ойлануға, ақи­қатқа жақындауға жетелейтін руха­ни жауапкершілік деп түсінді. Оның еңбектерінен тереңдікпен қатар, ішкі мәдениет пен интеллектуалдық батыл­дық сезілетін.

Ол философия ғылымын ұлттық деңгейде ғана емес, әлемдік интеллек­туал­дық кеңістікте таныта білген санаулы қайраткерлердің бірі еді. Ғалымның еңбектері логика, таным теориясы, диалектика мәселелерін жаңаша пайым­дау­мен ерекшеленді.

Осыдан үш жыл бұрын 90 жас мерей­тойы­ның қарсаңында ғалым ағамыздың 25 томдық шығармалар жинағының соңғы бес томы жарық көрген еді. Осы шығармалар жина­ғының алғашқы жиырма төрт томы академик Раушан Жабай­ханқызымен бірге орыс тілінде жазылса, 25-томы Абайдың толық адам туралы ойын білгісі келетін қауымға арналған. Монография қазақ тілінде (журналист Ж. Сүлейменовпен бірлесе отырып) және орыс тілінде жазылған.

Осы еңбектерінде философиялық ойлау мәдениетінің майталманы Жабайхан Мүбәракұлы адамзаттың өткені мен бүгініне сыни көзқараспен салыстырмалы талдау жасаған. Қоға­мы­­мыздың бү­гінгі өзекті мәселе­лері де жан-жақты, жүйелі, негізделген, логикалық дәйектелген ыңғаймен философиялық тұрғыдан талданған. Философияның мәңгі мәселелері тура­лы ой қозғағанда әлемдік деңгейдегі ойшылдармен қа­тар қазақ даналығын, Абайдың ой-тол­ғауларын орнымен қолданатыны сүйсіндірді. Соңғы 25 томын «Абайдың кемелдік, толық адам жолы» деп атап қазақ тілінде жазғанының да символдық мағынасы бар.

Жабайхан Мүбәракұлы тек Батыс философтарын ғана дәріптеп, насихаттаған ғалым емес. 80 жылдық мерейтойына жазған арнауымда философ болудың қырларының бірі ретінде «Ұлыларын ұлықтап отыру, Батыс, Шығыс деп алаламай адам баласын» деген жолдар бар еді. Академик Ж.Әбділдин Кант, Гегель, Шекспир сынды Батыс ойшылдарымен қатар Абай, Шоқан Уәлиханов, Шыңғыс Айтматов, Әлихан Бөкейхан туралы және шығармалар жинағының 24-томының «Выдающиеся деятели казахского наро­­да в XX веке» деген тарауын­да басқа да біртуар қазақ азаматтары туралы ой толғаған.

Философтың тағы бір атап өтетін ерекше қыры, қазіргі кезде ғылыми ортада белең алып отырған бір құбылыс – өткенімізді идеалдауға тырысушылық, яғни глорификацияға жол бермеу еді. Ұшқары, дәйексіз сөз айтудан бойын аулақ ұстайтын, жүйелі, логикалық, сыни ойлаудың шебері, ғылыми ойлау стилінің темірқазығы Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин сынды философ ғалымның болғанын көңілге демеу тұтамыз.

Жабайхан Мүбәракұлы тек ғылыми зерттеулерімен ғана емес, ұстаздық бол­мысымен де көпке үлгі болды. 91 жасына дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасында дәріс оқыған академик бірнеше буын жас ғалымдардың қалып­тасуына жол ашып, ғылымға адал­дық пен ой тазалығын өмірлік ұста­ным еткен адам еді. Оның дәрістері мен еңбектерінен тереңдік, тазалық, талап­шылдық және адамгершілік айқын сезілетін.

«Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деген, өмірден өтсе де, оның ғылыми мұрасы мен азаматтық тұлға­сы ел жадында, шәкірттерінің ең­бе­гін­де, қазақ философиясының даму жо­лын­да мәңгі сақталады. Мұндай ға­лым­­­дар­дың ғұмыры уақытпен өлшен­­­бейді, олар артында қалған өне­­­ге­­лі ізімен, салиқалы сөзімен өмір сүруін жалғастыра береді.

Гүлнар АДАЕВА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры 

Соңғы жаңалықтар

Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?

Руханият • Бүгін, 08:15

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Олимпиада • Бүгін, 08:10

Өрнекпен өрілген өнер

Өнер • Бүгін, 08:05

«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді

Басылым • Бүгін, 08:00

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Жануарлар • Кеше

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Инвестиция • Кеше

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

Ата заң • Кеше

Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң

Ата заң • Кеше

Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды

Аймақтар • Кеше

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Спорт • Кеше

Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды

Аймақтар • Кеше

Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды

Дін • Кеше

Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?

Саясат • Кеше

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Кеше

Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью