Дәнді дақылдарды жинау науқаны қалай өтті: Министр мәлімдеме жасады

04.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ел аумағы бойынша дәнді дақылдарды жинау толық аяқталғанын Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: cariva.com

Министр Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында майлы дақылдар, жүгері және қант қызылшасын жинау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Ол егін жинау науқаны сәтті өтіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты.

«Шаруалар уақтылы қаржы ресурстарымен, техникамен және жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Биыл жалпы егін жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрады, оның ішінде 16 млн гектардан астамы – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Орташа өнімділік гектарына 17 центнер деңгейінде қалыптасып, 27,1 млн тонна астық қамбаға құйылды», деді А.Сапаров.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью