Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Халықаралық турнирде отандасымыз бас жүлдені әзербайжандық Билалхабаши Назаровпен сарапқа салды.
Өте тартысты өткен жекпе-жектің тағдыры шешуші раундта шешіліп, отандасымыз 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері ¼ финалда түркиялық Улас Ялчинкаяны 5:0 есебімен жеңсе, ½ финалда жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан өзбекстандық Асилбек Жалиловты орта жолда қалдырды.
Қазірге дейін халықаралық турнирде Элина Базарова (54 келі), Надежда Рябец (80 келі), Валерия Аксенова чемпиондық тұғырға көтерілсе, Лаура Есенкелді (65 келі) күміс жүлдегер атанды.
Енді ерлер құрамасынан Фарух Токтасынов (70 келі) АҚШ өкілі Лавант Броунлимен қолғап түйістіреді.
23 ақпан-2 наурыз аралығында болып жатқан турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.