Данияр Елеусінов 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айрылып, 20 тәулікке қамалды

09.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сотта анықталғандай, спортшы алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарып, Астана қаласының көшелерінде үш жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу салдарынан жүргізуші:

жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соқтығысқан; басқа автокөлікпен соқтығысып, инерцияның әсерінен тағы бір автокөлікке соғылған; кейіннен Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққының әсерінен аталған автокөлік Toyota Hilux автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан көлік құралдары зақымдалып, материалдық шығын келтірілген.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді. Аталған қорытындыға сәйкес Дания Елеусіновтен алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталған. Сонымен қатар кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, жол-көлік оқиғаларының сызбаларымен, бейнежазбалармен, оқиғаға қатысушылардың түсініктемелерімен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен расталды.

Елеусіновтің әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Аталған баптың санкциясы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді.

Алматыдағы жол апаты: Көлік жолайрыққа соғылды

Сот отырысында спортшы өз кінәсін толық мойындады.

Сот ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік қамақты қолдануға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған жоқ. Кодекстің 608-бабы 3-бөлігінің санкциясы баламасыз болғандықтан, сот Данияр Елеусіновті 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанның спортшысы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтқан. Сот шешімімен ол айыппұл төлеуге міндеттелді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью