Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай орталық мемлекеттік органдардың қызметшілерімен мемлекеттік қызметті дамыту бағыттары мен алдағы басым міндеттерін талқылауға арналған кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесуде Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айқындаған бағдары аясында мемлекеттік сектордағы ұйымдастырушылық мәдениетті жаңғырту мәселелері қаралды. Аталған өзгерістер мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға арналған.
Агенттік төрағасы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, адамға бағдарланған сервистік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру агенттіктің негізгі басымдықтары екенін атап өтті. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» қағидаттарын орнықтыру Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың институционалдық негізі ретінде белгіленді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізу, жеке және квазимемлекеттік сектордан кәсіби кадрларды тарту, сондай-ақ «Е-қызмет» цифрлық іріктеу жүйесі арқылы ашықтық пен меритократияны күшейту жөніндегі шаралар таныстырылды.
Қорытындылай келе, Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметші кәсіби, жауапты және қоғам сеніміне ие тұлға болуы тиіс екенін атап өтіп, ашық, әділ және адамға бағдарланған мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.