Дәрі дәрмек бағасы: қоғамдық бақылау күшейтілді

06.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елордада дәрілік заттардың бағасына қатысты кезекті қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Қазір мемлекет тарапынан дәрі-дәрмектің 4900-ге жуық атауы бойынша баға қайта қаралып, жаңа шекті құны бекітілді. Мониторинг барысында азаматтардың өз құқықтарын қорғау тетіктері де назарға алынды. Енді тұтынушы дәріханада бағаның негізсіз көтерілгенін байқаса, dari.kz мобильді қосымшасы арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға шағым жолдай алады - дейді мамандар. Бұл тетік халық пен мемлекет арасындағы кері байланысты нығайтып, бағаны бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Зұлфұхар Ғайыпов, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Кей дәрілердің бағасы өскен. Бұл туралы жаңа да айттым. Қазақстанның өзі өндіруші болмағаннан кейін кейбір дәрілерге тіпті баға өспеген, өйткені бұрынғы қорлар бар, жалпы олардың алып қойған қорлары бар, баға көп өспейді. Кейбіреулерінде кішкене өсім бар, үкіметтің белгілеген мөлшері бар, содан аспаған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью