Дәрі дәрмек бағасы қымбаттады ма? Министрлік мониторинг деректерін жариялады

26.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елімізде дәрілік заттардың бағасы жаппай өсіп жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерде жиі таралып жатыр. Алайда жүргізілген ресми мониторинг деректері бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын көрсетеді. Керісінше, 2025 жылы енгізілген мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі аясында бірқатар дәрі бағасы төмендеген, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті

Мониторинг көрсеткіші: Қандай дәрілердің бағасы айтарлықтай түсті?

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, биыл дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеудің жаңа моделі іске қосылды. Бұл тетік баға қалыптастыру үдерісінің ашықтығын, объективтілігін және болжамдылығын арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта 4994 сауда атауындағы дәрілік затқа шекті баға бекітілген. Ал 1707 рецептісіз босатылатын препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, нарықтық бағамен сатылып жатыр. Дегенмен олардың құны уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында тұр.

Еліміздің 20 өңірінде жүргізілген талдау нәтижесі баға серпінінің төмендеу бағытына ойысқанын аңғартады. Қыркүйек айында маусыммен салыстырғанда позициялардың 34%-ында баға орта есеппен 7,8%-ға төмендеcе, қазан айында позициялардың 50%-ында баға орта есеппен 11,1 %ға арзандаған.

Бұл – мемлекеттік реттеу тетігінің нақты нәтижесі бар екенін көрсететін көрсеткіш.

Енді азаматтар дәрі-дәрмек бағасын Naqty Onim арқылы тексере алады

Мониторинг барысында бірқатар кеңінен қолданылатын препараттардың бағасы едәуір төмендегені анықталды. Атап айтқанда:

- Гепар комп. Хеель – 41,2%-ға;
- Ревмоксикам® – 32,5%-ға;
- Цефяпс – 31,6%-ға;
- ВАЛМАК-Н – 24,7%-ға;
- Зитмак® – 20%-ға.

Аталған дәрілер түрлі ауруларды емдеуде жиі тағайындалады және халық сұранысына ие.

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?

Заң талаптары қатаң сақталады

Комитет барлық өңірде дәрілік заттар бағасына тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастырып отыр. Шекті бағадан асыра сату фактілері анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Бағаны негізсіз көтеру немесе дәрі-дәрмек сату кезінде заңбұзушылықтарға тап болған азаматтар DariKZ мобильді қосымшасы арқылы немесе Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне жүгініп, шағым қалдыра алады. Барлық өтініштер заңнама талаптарына сай қаралады.

Құзырлы орган тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілген деректерге ғана сенуге шақырады.

Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 13:03

«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 12:48

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Қоғам • Бүгін, 12:42

Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?

Дін • Бүгін, 12:34

Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 12:18

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 12:09

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?

Қоғам • Бүгін, 11:58

Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді

Қоғам • Бүгін, 11:50

Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?

Балалар • Бүгін, 11:43

Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты

Бокс • Бүгін, 11:38

Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Аймақтар • Бүгін, 11:22

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 11:12

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

Футбол • Бүгін, 11:07

Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады

Саясат • Бүгін, 10:58

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

Қазақстан • Бүгін, 10:43

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью