24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қарағандыдағы «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы мен фармацевтикалық зауыт базасында бірнеше жоба жүзеге асып жатыр. Енді отандық дәрі-дәрмекті толық циклмен өндіру аясы кеңейтіледі.
Фармацевтикалық субстанциялар шығаратын қосымша ғимараттың құрылысы басталды. Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешов кәсіпорының зертхананасын, өндірістік учаскелерін көріп, фитопрепараттарды әзірлеу процесімен танысты. Орталық қызметкерлерімен бірге саланың негізгі мәселелері және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жолдарын талқылады. Жалпы биыл елде фармацевтикалық өндіріс көлемі 11,7 пайызға өскен.
Серік Өтешов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Президент әрқашан айтады: біз өзіміздің өндірісті дамытуымыз керек. Соның ішінде дәрі-дәрмекті де дамыту қажет. Бірлесіп сол жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Сонда мұның болашағы да болады, дамуы да болады.