Дәріге бөлінген бюджеттің 85 млрд теңгесі үнемделді

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Дәрі-дәрмекке бөлінген бюджеттің 85 млрд теңгесі үнемделді. Былтырғы мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы осындай.

Үнемделген қаржыға қосымша препараттар алынды. Оның біраз бөлігі пациенттерге 2025 жылы белгіленген дәрі-дәрмекке жұмсалыпты. Биыл СҚ Фармация тағы екі мыңнан астам дәрілік препарат пен медициналық бұйымдар алмақ. Оларды жеткізу қаңтарда басталып та кеткен. Сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютер алғаш рет 21 млрд теңгенің азайматын қорын қалыптастырды. Бұл дәріге сұраныс күрт өскен жағдайда шұғыл әрекет етіп қажет препараттарды алуға, сондай-ақ халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтуға етуге мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, былтыр денсаулық сақтау министрлігі дәрілердің шекті бағасын анықтау әдістемесін жаңартқан еді. Нәтижесінде, сегіз мыңға жуық препараттың бағасы қайта қаралған. Оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша 2900, бөлшек және көтерме нарығындағы 4900-ден астам дәрі-дәрмек бар.

Жоғары аудиторлық палатаның былтыр жүргізген тексерісі нәтижесінде, 9 айда 3800 дәрінің бағасы төмендеді. 601-нің бағасы өзгеріссіз қалса, 38-і қымбаттаған. 1400 медициналық бұйым мен халықаралық патенті жоқ 1100 препараттың техникалық сипаттамасы өзгертілді. Қосымша 28-дәрі-дәрмек тізімге қосылыпты. Осылайша, қабылданған іс-шаралар әлеуметтік маңыздағы аурулар, онкология және ағза алмастыру мен гомофилия бойынша үздіксіз ем-дом жүргізу мүмкін болды.  

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью