Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Соңғы күндері елімізде күн қатты ысып, көпшіліктің мазасы кеткені де рас. Сондай кезде денсаулықты қалай күту керектігі жайлы дәрігер Аяна Қырықбаева айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, қалыпты температурада салмағы 70 кг адамға күніне 2,1 литр су ішу керек. Ал күн ыстықта тағы 1 литр қосып ішкен дұрыс.
Екіншіден, күн ыстықта ащы, майлы және ысталған тағамды жеуге болмайды. Рационға өсімдік майларын, жеміс, көкөністерді қосу қажет.
Үшіншіден, ыстықта киімнің матасы ауа мен суды жақсы өткізетін болса, әсіресе, мақта және зығырдан жасалғаны жақсы.
Төртіншіден, жазда бас киім өте қажет. Сәндік үшін емес, күн сәулесі мен желден қорғайтын элемент.
Бесіншіден, SPF кремі - күннен қорғайтын фактор немесе адамның күйіп кетпейтіндей, күн астында болу уақытын ұзарта алатын қорғаныс түрі
Алтыншыдан, күннің ыстығында әсіресе түскі сағат 12–ден 16-ға дейін сыртқа шықпаған дұрыс. Бұл уақытта ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі.
Жетіншіден, көлікте терезені толық емес, сәл ғана ашқан жөн. Оның үстіне, микроклиматты басқарудың автоматты режимін пайдаланбаған дұрыс.