Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қатерлі ісіктің белгілері көп жағдайда бірден байқала бермейді. Бірақ кей белгілер айқын болады, мысалы, тырнақ астындағы меланома. Бұл - сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті, тырнақ астындағы пигмент жасушаларынан пайда болатын қатерлі ісік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
Қатерлі ісіктің белгілері көп жағдайда бірден байқала бермейді. Бірақ кей белгілер айқын болады, мысалы, тырнақ астындағы меланома. Бұл - сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті, тырнақ астындағы пигмент жасушаларынан пайда болатын қатерлі ісік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
Егер гель-лак жиі жағатын болсаңыз, тырнағыңыздың бояусыз табиғи қалпын ұмытып қалған да болуыңыз мүмкін. Алайда дәл тырнақтың бейнесі жыл сайын әлем бойынша мыңдаған адамның өмірін жалмайтын қатерлі дертті аңғаруға көмектеседі.
Тырнақтағы қара тік жолақБұл - тырнақ меланомасының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жолақтың түсі мен ені уақыт өте өзгеруі мүмкін, бастапқыда зиянсыз көрінуі де ықтимал. Бірақ ол жоғалмай, керісінше кеңейе берсе, міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
Қара көлденең жолақКейде қатерлі ісік тырнақтың ортасында пайда болған қоңыр не қара көлденең сызық түрінде де байқалады. Мұндай белгі көбіне аяқтың бас бармағында кездеседі.
Хатчинсон белгісіТырнақ жиегіндегі, тырнақ астындағы немесе саусақ ұшындағы терінің қоңыр не қара түске боялуы да қауіпті белгі.
Ауру туралы тағы не білген жөн:
ісік көбіне қолдың немесе аяқтың бас бармағында пайда болады; меланоманың бұл түрі көбіне 50 мен 70 жас аралығындағы адамдарда кездеседі; жолақтың ені 3 миллиметрден асса, бұл ерекше алаңдатарлық белгі; жолақтың көлемі, пішіні немесе түсі уақыт өте өзгеріп жатыр ма - соны бақылап жүру керек; отбасыңызда меланома не өзге қатерлі ісік түрлері болған болса, денсаулыққа мұқият қараған жөн.Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте анықтау осы диагноз қойылған науқастардың өмір сүру мүмкіндігін 15 пайыздан 95 пайызға дейін арттырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!