Дәрігерлерге алғыс айтамын

27.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Павлодар қаласында 2022 жылдан бері «Ақ сиса» оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл ұжымды білікті дәрігер Әйгерім Қабылбекова басқарады. Орталықта түрлі сырқат, жарақатпен келген, оның ішінде сүйегін сындырған, инсульт, инфаркт алған науқастарды оңалтып, денсаулығын жақсарту жұмысы жүргізіледі.

Сурет: profsouzsenim.kz

Бұл салада тек дәрігерлік көмек қана емес, әр адамға мейіріммен, қайырыммен, құрметпен қарау керек. «Ақ сиса» ұжымының басты мұраты – мүге­дектігі бар азаматтарды сырқатынан айық­ты­рып, қатарға қосу. Мекемеде жүйке кеселіне, созылмалы ауруларға шалдыққан науқас­тар да емделеді.

Орталықтың жетекшісі Әйгерім Жұмкенқызы басқаратын ұжымда өз ісіне адал, кәсібіне мығым, білікті мамандар еңбек етеді. Дәрігер-реабилитолог Айгүл Тұрсынқызы, терапевт Самал Бауыржанқызы, невролог Айман Ұбашқызы, кардиолог Әділ Жұмағалиұлы, сынықшы дәрігер Н.Қазкен, логопед-дефектолог Маржан Төлешқызы, дене шынықтыру мамандары Денис, Дамира, Зарина, Ербол, Гүлдана, Жанзада сынды білікті дәрігерлерге алғысым шексіз. Бұлардан бөлек, өз ісінің білгірі, еңбегін адал атқарып, көпшіліктің алғысына кенеліп жүрген мейірбикелер Толқын Хасенқызы, Мәриям Ғаббасқызы, Камила Полатқызы, Қарлығаш Жатқызы, Зарина, Балқия, Ардагүл, Диляра орта­лыққа келушілерді жылы жүзбен қарсы алады. Оңалту орталығының әкімшілік қызметкерлері Марал мен Мәдина әрбір ем қабылдаушыны дер кезінде орналастырады.

Оңалту орталығы асханасының тазалығы мен ас мәзірі туралы әңгіме бөлек. Тәртіп орнаған жерде әрдайым тазалық сақталады. Аспаздардың қолымен пісірген ас-ауқаты, әзірлеген әр тағамы тіл үйіреді. Бұл шипажайға тек керекуліктер ғана емес, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс, Қазақстан, Қарағанды облысынан да емделушілер келіп жанына шипа табады. Еліміздегі іргелі кәсіпорындар осындай игілікті істі жүзеге асырып, сырқатқа шалдыққан жандардың көңіліне медеу болып отырған мекемеге қарасып, қолдау көрсетсе деймін.

Бүркіт ШОМАНОВ,

ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» белгісінің иегері, еңбек ардагері

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью