Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Цифрлық таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек айналымында бұрын байқалмай келген бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Тегін берілуге тиіс препараттардың дәріханаларда сатылуы, бір таңбалау кодын қайта-қайта пайдалану және жарамдылық мерзімі өткен дәрілердің саудаға түсуі соның айғағы, деп жазады Egemen.kz.
Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігі алаңында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова төрағалық еткен жиында талқыланды. Басқосуға министрліктің вице-министрлері, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, «Фармация» өкілдері, сондай-ақ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы Қазақтелеком қатысты.
Жиында дәрілік заттардың қозғалысын бақылауға арналған арнаулы цифрлық платформа таныстырылды. Бұл жүйе дәрінің зауыттан немесе шетелден әкелінген сәтінен бастап, қойма, дәріхана арқылы халыққа жеткенге дейінгі жолын толық көрсетеді. Әр қаптаманың қайда, қашан және кім арқылы өткенін нақты уақыт режимінде көруге мүмкіндік бар.
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Жүйені сынақтан өткізу барысында көңіл көншітпейтін деректер анықталды. Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халыққа ақысыз таратылуы тиіс 15 мыңнан астам дәрілік заттың коммерциялық дәріханаларда сатылғаны тіркелген. Сонымен қатар бір таңбалау кодының 6,5 мыңнан астам түрі 385 мың рет қайта пайдаланылған. Бұған қоса, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 750-ден астам дәрі қаптамасы саудаға шыққаны белгілі болды.
Жиын қорытындысында министр цифрлық таңбалау жүйесін күнделікті бақылау құралына айналдыруды тапсырды. Бұл дәрі-дәрмек айналымын ретке келтіруге, бюджет қаржысының ысырап болмауына және ең бастысы, халыққа сапалы әрі қауіпсіз дәрінің жетуіне жол ашуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:37
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 14:10
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:50
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08