Дәрілік заттарды тіркеу мерзімі 2 есе қысқарады заң жобасы

25.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

— Алдыңғы жылы Жоғары аудиторлық палатаның есебін дәл осы жерде тыңдадық. Депутаттар көптеген проблеманы көтеріп, сұрақтар қойылды. Енді осы анықталған кемшіліктерді жою үшін арнайы нормаларды дайындадық. Дәрілік заттарды тіркеу мерзімі айтарлықтай қысқартылады, — деді ол.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда дәрілік заттарды тіркеу рәсімі заң бойынша 210 күнге дейін созылады.

— Шынын айтар болсақ, бұл процесс жылдап созылып кетеді. Сондықтан тіркеу, сараптама жүргізу, шекті бағаны бекіту және ұлттық дәрілік формулярға енгізу мерзімдерін біріктіретін тек бір композиттік қызмет енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл дәрілерді тіркеу мерзімін 210 күннен 100 күнге дейін қысқартуға жақсы мүмкіндік береді, — деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол АҚШ, Еуропа сынды елдерді дәрілік заттарды тіркейтін ірі ұйымдар бар екенін атап өтті.

— Олар мақұлдаған жаңа препараттар үшін жеңілдетілген тіркеу рәсімі енгізіледі. Егер дәрі дамыған елде дәлелденген қауіпсіздік пен тиімділікке ие болса, онда ол біздің азаматтарға да уақытылы қолжетімді болуы тиіс. Бұл шешім қайтадан ұзақ рәсімдерді өткізбей-ақ қажет дәрілерді тіркеп, оларды сатып алуымызға жол ашады. Дәл осындай тәжірибе Кореяда, Әмірліктерде, басқа да дамыған басқа мемлекеттерді кеңінен қолданылады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, аталған заң жобасы аясында ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады.  Ол үшін аталған заң жобасы аясында зертханаларды басқа да ғалымдарға қолжетімді ету мақсатында «арнайы ұжымдық пайдалану зертханалары» деген ұғым және тиісті тетік енгізіледі. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью