Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев «Челсиге» ауысқаннан кейін негізгі құрам үшін жоғары деңгейдегі бәсекеге тап болды.
Sports.kz сайтының дерегінше, 17 жастағы футболшы шабуылдың екі позициясында – сол жақ қанатта және орталық шабуылшы ретінде ойнай алады. Сол қапталда оның басты бәсекелестері Джейми Гиттенс пен Михаил Мудрик болса, орталық шабуылда Жоау Педро, Николас Джексон, Лиам Делап, Дэнни Уэлбек, Эммануэль Эмегха, Марк Гиу және Давид Датро Фофана секілді шабуылшылармен орын үшін таласуға тура келеді.
Бұған дейін «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо клуб басшылығына құрамды оңтайландыру қажет екенін айтқанымен, маусым барысында түрлі турнирлерге қатысу үшін ойыншылар санын жеткілікті деңгейде сақтап қалуды қолдайтынын мәлімдеген.