Дастан Сәтпаев Челсидегі алғашқы голымен үздік атанды

05.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» сапындағы алғашқы голы Аустралияда өткен Sydney Super Cup маусымалды турнирінің ең үздік голы деп танылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сәтпаев бұл голды «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы матчта соқты. Ол алаңның ортасынан берілген пасты қабылдап, қарсылас қорғаушыларынан озып шығып, дәл соққымен допты қақпаға тоғытты. 

Турнирдің үздік голдары рейтингінде екінші орынға «Тоттенхэм» шабуылшысы Матис Тельдің «Сидней» қақпасына айып добынан соққан голы жайғасты.

Үшінші орын Айдан Хэммондтың «Челсиге» соққан голына бұйырды. Төртінші орынға «Челси» жартылай қорғаушысы Дариу Эссугудың добы енді. Бұл шабуылдың басталуына Сәтпаев та қатысқан.

Бесінші орында Дилан Циклунаның «Челсиге» соққан голы болса, алтыншы орынға лондондық клубтың вингері Джейми Байно-Гиттенстің дәл соққысы кірген.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Аустралиядағы турнирде «Челси» сапында екі матчқа қатысты. «Уэстерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде гол соққаннан кейін ол «Тоттенхэммен» ойында алаңға екінші таймда қосылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью