Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» Англия лигалар кубогының үшінші кезеңінде «Брэдфорд Ситиге» есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кездесу негізгі уақытта голсыз аяқталды. Д. Сәтпаев алаңда 80 минут ойнап, қақпаға екі рет соққы жасағанымен, оның бірде-бірі нысанаға дәл тимеді. Sofascore порталы қазақстандық футболшының ойынына 7,0 балл қойды.
90 минуттан кейін есеп өзгермеген соң, жеңімпаз бірден пенальти сериясында анықталды. Онда «Брэдфорд Сити» футболшылары дәлірек ойнап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша «Бернли» Лига кубогындағы жолын аяқтады. Команданың ендігі мүмкіндігі – Англия кубогы. «Бернли» бұл турнирді үшінші кезеңнен бастайды. Оның ойындары 2027 жылдың 9 қаңтарында өтеді.