Дастан Сәтпаев ойнайтын Бернлидің жанкүйерлері клуб иесінің кетуін талап етті

17.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Англияның «Бернли» футбол клубының жанкүйерлері команда иесі Алан Пейстің жұмысына наразылық білдіріп, оның қызметінен кетуін талап етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Англия Чемпионшипіндегі «Бернли» мен «Вулверхэмптон» арасындағы матч кезінде болған. Кездесу барысында жанкүйерлер трибунада «Пейс, кет!» (Pace out) деген жазуы бар баннер көтерген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Алан Пейс – «Бернли» клубының иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы.Жанкүйерлердің наразылығына команданың биылғы маусымдағы нәтижелері себеп болған. «Бернли» 11 турдан кейін 24 команданың арасында 21-орында тұр. Осы уақыт ішінде клуб небәрі бір рет жеңіске жеткен.

Айта кетейік, «Бернли» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді. Ол биылғы маусымда алты матч өткізіп, әзірге гол соққан жоқ және нәтижелі пас бермеді.

«Бернли» соңғы кездесуінде «Вулверхэмптоннан» 1:2 есебімен жеңілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью