Дастан Сәтпаев өнер көрсеткен матчта Челси Тоттенхэм командасынан ұтылды

01.08.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: Sports.kz

Жеңімпаздар сапында Сандро Тонали 18-минутта, Ришарлисон 90+2-минутта гол соқты. Ал «Челсидің» жалғыз добын 21-минутта Эстевао Виллиан енгізді.

49-минутта «Тоттенхэм» қорғаушысы Кевин Дансо ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 70-минутта Эстеваоның орнына ойынға қосылды. Ол әуелі шабуылдың оң қанатында, кейін сол қанатында өнер көрсетті. Алайда нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

«Челсидің» Дастан Сатпаев туралы жазбасы миллионнан астам лайк жинады

Еске салайық, Аустралиядағы маусымалды тур аясындағы алғашқы матчта «Челси» жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңген болатын. Сол кездесуде Дастан Сәтпаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын матчтың 6-минутында соғып, дебюттік добын тіркеген еді.

Қазақстандық футболшының «Челсидегі» болашағын оқу-жаттығу жиыны мен бақылау матчтарының қорытындысы бойынша бас бапкер Хаби Алонсо айқындайды.

Дастан Сәтпаев Сиднейде жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді

Айта кетейік, Лондонның «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуден кейін қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью