Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Айтулы бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, әлем елдері бірауыздан жанашырлық, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға жұмылды.