Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Англияның «Бернли» клубы Чемпионшиптің 15-турында Уэльстің «Кардифф Сити» командасынан 4:5 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бернли» алғашқы таймда 2:0 есебімен алға шықты. Үзілістен кейін есепті 4:1-ге жеткізгенімен, басымдығын сақтап қала алмады. «Кардифф Сити» футболшылары қатарынан төрт гол соғып, матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып алды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты «Бернлидің» матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енген жоқ.
Осылайша, «Бернли» қатарынан алтыншы матчта жеңіске жете алмады. Команда 10 ұпаймен Чемпионшиптің турнирлік кестесінде 22-орында тұр.