Дәстүр мен технология үндестігі: Ақтөбеде интерактивті киіз үй ашылды

20.03.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақтөбеде Цифрландыру жылы аясында «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында ерекше форматтағы заманауи киіз үйдің таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Киіз үйдің ішкі кеңістігі толықтай интерактивті LED-экрандармен жабдықталған. Мұнда келушілер VR-көзілдірік арқылы Ақтөбе өңірінің тарихи және киелі орындарына онлайн саяхат жасай алады. Сонымен қатар көрмеде гуманоид роботтар да таныстырылып, цифрлық технологиялардың бүгінгі мүмкіндіктері көрсетілді.

Көрмеде жоғары политехникалық колледж студенттерінің де жұмысы ұсынылды. Ақпараттық технологиялар мамандығында білім алып жүрген жастар шахмат ойнауға арналған қытайлық роботты жасанды интеллект арқылы жетілдірген. Қазір олар құрылғының бағдарламалау тілін қазақшаға бейімдеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, мұндай бастамалар өңірде цифрлық мәдениетті қалыптастыруға және жас мамандардың әлеуетін арттыруға ықпал етпек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью