Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бапкер ел чемпионатының өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
- Чемпионат халқаралық деңгейде ұйымдастырылды. Себебі жас балуандарымыз ел біріншілігінде алғаш рет кәсіби помост қолданған боз кілемде күресті. Осыған дейін ондай болмаған еді. Жарыс алаңындағы атмосфера өте керемет. Осының барлығы жастардың халқаралық жарыстарға бейімделуіне жағдай жасау. Болашақта олар осындай үлкен додаларға барғанда қобалжымайды, - дейді ол.
Дәулет Ниязбековтың айтуынша, жас жеңімпаздарды қаржылай қолдау олардың дамуына өз септігін тигізеді.
- Ел тарихында алғаш рет ішкі біріншілікте жеңімпаздарды қаржылай марапаттап жатыр. Бұл спортшылардың дамуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Жалпы, чемпионаттан көптеген жас спортшыларымыз шыңдалып шығады. Алдағы уақытта, жеңімпаздар халқаралық жарыстардан жүлдеге ілінеді деп үміттенемін,- деді бапкер.
Сөз соңында, Дәулет Ниязбеков қазақстандық балуандардың Албанияның Тирана қаласында өткен күрес түрлері бойынша рейтингілік турнирдегі жеңісін жоғары бағалады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.
Сонымен қатар қазақстандық балуандар Албанияның Тирана қаласында өткен күрес түрлері бойынша рейтингілік турнирде 11 медаль жеңіп алды.