Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Облыстың шығысында және таулы аймақтарында жауын-шашынның мол түсуі болжануда. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.
Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Алакөл көлдері маңында күндіз желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.
Түнде ауа температурасы 5–10 градус жылы болады, алайда солтүстік және таулы өңірлерде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 10–15 градусқа дейін көтеріледі, ал солтүстікте және тауда 0–5 градус шамасында болады.
Талдықорғанда бұлтты ауа райы күтіледі, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс желі 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 10–12 градус жылы болады.
Алдын ала болжам бойынша, 18–19 сәуір күндері облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағайлы жаңбыр сақталады. Таулы аймақтарда түнде қар жаууы, ал күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, жылдамдығы 9–14 м/с болады, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Түнде ауа температурасы 1–6 градус жылы болса, облыстың батысы мен солтүстігінде 1–3 градусқа дейін үсік жүреді. Таулы аймақтарда температура 3–8 градус аязға дейін төмендейді. 18 сәуір күні күндіз 8–13 градус жылы, ал 19 сәуірде 13–18 градусқа дейін жылынады. Таулы өңірлерде 3–8 градус жылы болады.
Бұған дейін Ақтөбе облысының бірнеше ауданында жаңбыр, қар жаууы ықтимал екенін жаздық. Төтенше жағдайлар қызметі жел күшейетінін айтып, ескерту жасады.