Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгін Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағында орналасқан № 1 балқыту цехында дауылдың салдарынан № 15 пештің түтін мұржасының бір бөлігі құлап түскен.
— Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға жергілікті сипатқа ие және өндірістік процеске әсер еткен жоқ. Аталған нысанға техникалық тексеру белгіленген мерзімдерге сәйкес 2023 жылы жүргізілген, — деп хабарлады «Қазхром» трансұлттық компаниясынан.
Қазіргі уақытта кәсіпорында ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Мамандар нысанның жағдайын бақылауда ұстап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Еске сала кетейік, Павлодарда ақ түтек боранның салдарынан жол апаттары жиілеп, бір аудан жарықсыз отыр.