Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ерлан Жанпейісов "Сайлау туралы" Конституциялық заңда белгіленген талаптарды еске салды.
"Дауыс беру күні үгіт-насихат жүргізуге, толтырылған бюллетеньді фотоға, видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелерін жариялауға болмайды. Сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте мұндай сауалнамалар жүргізуге тыйым салынады", – деді ол.
Оның айтуынша, "Сайлау туралы" Конституциялық заңның аталған талаптарын сақтамағандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 220-баптары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман Қазақстандағы сайлау учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлаған болатын.