Дауыс беру күні үгіт насихат жүргізуге тыйым салынған Бекжан Қараманов

15.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бұл туралы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан «Референдум — 2026» онлайн-марафоны барысында мәлімдеді.

— Дауыс беру күні үгіт-насихатқа тыйым салынады. Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда жариялауға болмайды. Мұндай сауалнамаларды дауыс беру өтетін үй-жайларда немесе учаскелерде жүргізуге де тыйым салынған. Сондықтан барлық азаматты заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырамын, — деді Бекжан Қараманов.

Спикер сөзінше, бұл талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-ші және 120-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Сондай-ақ ол референдумға қатысты өтініштер мәселесіне де тоқталды.

— Референдумға байланысты өтініштер болған жағдайда, прокуратура органдары мен соттар оларды дереу қарауға міндетті. Қазіргі уақытта прокуратура мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ. Жалпы дауыс беру процесі құқықтық алаңда өтіп жатыр. Референдум өткізу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, — деді ол.

Айта кетейік, дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью