Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

15.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

Оның айтуынша, барлық жеке құрам күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Басшылық және командалық құрам тәулік бойы кезекшілік атқарады.

"Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты, толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңды сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", – деді Әлекешев.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп референдум учаскелері алдын ала тексерілген. Олардың техникалық қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғанысы қаралды, деді ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью